Украина мен Ресей сыртқы істер министрлері 10 наурызда кездеседі

Ресей мен Украина Сыртқы істер министрлері, Сергей Лавров пен Дмитрий Кулеба арасындағы келіссөз ертең өтеді.

Алматы, NEGE. Бұл туралы Ресейдің Сыртқы істер министрлігі хабарлады. Мұны Киев те растады. Кездесу Түркияның Анталья қаласында өтеді.

Дмитрий Кулеба, Украина сыртқы істер министрі:

- Кездесуді барынша тиімді өткізу үшін қызу дайындық жүріп жатыр. Бірақ шынымды айтсам, келіссөздерден аса көп нәрсе күтпеймін. Тым қатты үміт те артып отырған жоқпын. Маған және менің командама сәттілік тілеп қойыңыздар. Бұл өте маңызды сәт. 

Қазір оқып жатыр

Бұралқы иттерге қатысты заң Президентке жолданды

Ақсудан соң Алматыда не болмақ?

Қазақстанда жануарларға қатыгездік танытқандар 5 жылға сотталуы мүмкін

Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады