Украина мен Донбасс арасына алып қабырға соғылуы мүмкін
Украина президенті Владимир Зеленскидің көмекшісі «алдағы Париж саммитінде, егер Ресей тарапы оқ жаудырғанын қойып және тұтқын алмасуға келісім бермейтін болса, онда ресми Киев орыстар күшпен басып алған территорияны қоршай биік қабырға соғатынын мәлімдейді», – деді.
Алматы, NEGE. Президент көмекшісі Андрей Ермак Лондонда өтіп жатқан форумда Украинаның тек биік қабырға соғып қоймай, Ресеймен арада уақытша тоқтатылған текетірес жағдайында өмір жалғаса беретіндігін де жеткізді. Сондай-ақ, бұған дейін Донбасс кикілжіңін шешу мақсатында жасалған Минск келісімінің де мерзімі аяқталып, жаңалау қажеттігін ескертті.
Германия, Франция, Украина мен Ресей басшылары соңғы үш жылдан бері тұңғыш рет дүйсенбі күні бас қосып, 13 мың адамның өмірін жалмаған Украинаның шығысында Ресейдің қолдауымен өтіп жатқан сеператистік соғысты тоқтатуға ниет етпек.