Украина кедей елдерге астық жөнелтіп жатыр
'Астық келісімінің' аясында Украина кемежайларынан 12 миллион тоннадан астам астық экспортталды, деп хабарлайды Хабар-24.
Алматы, NEGE. Бұл келісім биыл шілдеде Киев мен Мәскеу арасында жасалған. Оған сәйкес, қарулы қақтығыс салдарынан Украина порттарында жиналып қалған астық қауіпсіз дәліз арқылы басқа елдерге жеткізіледі.
Бұл әдемдегі азық-түлік дағдарысын шешуге септігін тигізуі тиіс. Әсіресе кедей елдерге көп көмек болады. Жақында келісім 4 айға ұзартылды. Оның бұзылмауын Түркия мен БҰҰ қадағалайды.