Украина Еуроодаққа өкпелі
Өйткені Ресейге қарсы санкциялардың 6-пакеті әлі қабылданбады. Бұл туралы Украина Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба Давос экономикалық форумында мәлімдеді.
Алматы, NEGE. Ресей мұнайына эмбарго жариялау көзделген еді, деп хабарлайды «Хабар 24». Бірақ Еурокомиссия ұсынған санкциялар тізімін Венгрия қолдамаған.
Дмитрий Кулеба, Украина Сыртқы істер министрі:
– Біз өкпеліміз. Еуропалық одақтың 6-санкциялар пакеті Венгрия ветосының кесірінен қабылданбай қалды. Қазір Донбаста соғыс болып жатыр. Бұл Екінші дүниежүзілік қырғынды еске салады. Кейбір қалалар мен елдімекендер толық жойылып кетті. Ресей зеңбіректері мен зымырандары оларды күлге айналдырды. Қауіпсіздік мәселесі Украинамен ғана шешілмейді. Еуропаға да соғыс қаупі төніп тұр.