19 августа 2023 г. 17:52

Украина билігі Ресейдің 15 дроны атып түсірілгенін айтты

Фото:

19 тамызға қараған түні Ресей армиясы Украинаға камикадзе дрондарымен шабуыл жасады. Украина қарулы күштері "Шахед-136/131" дрондарының 15-ін атып түсіргенін жеткізді.  Жалпы олардың саны 17 болған.

Алматы, NEGE. Украина армиясының мәліметінше, Ресей дрондарды Курск облысынан ұшырған. Украинаның солтүстік, орталық және батыс аудандарында әуе қорғаныс жүйесі іске қосылған.

Өткен тәулікте бұған қоса, алты барлау дроны және бір "Ланцет" дроны атып түсірілген.

Хмельницкий облысында түнгі шабуылдың салдарынан 30 үй бүлінген, екі әйел жараланған, деп хабарлады облыс әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Сергей Тюрин.

Тегтер: