Украина террористерге ешқандай сый жасамайды – Зеленский
Алматы, NEGE. Мемлекет басшысы Мәскеу келіссөз процесін әдейі созып, әскери әрекеттерді күшейтіп отырғанын айтты.
– Бұл процесті үнемі тежейтін – Ресей. Олар келіссөздерді созып, халықты әуе шабуылдарымен үрейде ұстап отыр, майдан шебінде шабуылдарын үдетті. Соғыс тек Мәскеу оны тоқтатқысы келмегендіктен жалғасып жатыр, – деді Зеленский.
Оның мәліметінше, кейінгі аптада Ресей Украинаға қарсы 3,2 мыңнан астам соққы дронын, 1,3 мың басқарылатын әуе бомбаны және 50-ге жуық түрлі зымыранды қолданған.
Сондай-ақ Зеленский Путинді тек келіссөздер арқылы тоқтату мүмкін емесін айтты.
Президенттің сөзінше, Украина агрессорға ешқандай жеңілдік бермейді:
– Украина террористерге олардың қылмыстары үшін ешқандай сый не марапат бермейді. Біз осы ұстанымда қаламыз және серіктестеріміздің қолдауына сенеміз, – деді ол.
Бұған дейін The Washington Post басылымы Владимир Путиннің Дональд Трамппен сөйлесу кезінде соғысты аяқтаудың нұсқасын ұсынғанын хабарлаған: Ресей Донецк облысына толық бақылау орнату үшін Запорожье мен Херсон бойынша келісімге келуді ұсынған.