Украина Ресейге келіссөздерді келесі аптада жаңғыртуды ұсынды

Украиналық делегация Ресей тарапына келіссөздердің жаңа раундын келесі аптада өткізуді ұсынды, дейді Владимир Зеленский. Бұл туралы ресейлік ТАСС хабарлады. 

РИА новости

Алматы, NEGE. Оның сөзінше, мұндай ұсынысты Киев делегациясының Ыстанбұлда өткен келіссөз барысындағы басшысы, Украинаның Ұлттық қорғаныс және қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Рустем Умеров жасаған.

- Ұлттық қорғаныс және қауіпсіздің кеңесінің хатшысы Умеров Ресей тарапына кезекті кездесуді алдағы аптада өткізуді ұсынды. Келіссөздер қарқынын үдету керек,-деді Зеленский өзінің телеграм-арнасында жариялаған бейнеүндеуінде.

17 шілде күні РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресейдің Украинадан келіссөздердің үшінші раунды бойынша ұсыныстар күтетінін айтқан болатын.

Кейінірек Ресейдің Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова ресейлік делегацияның Украина тарапымен келіссөздердің үшінші раундын өткізу үшін Ыстанбұлға келуге дайын екенін мәлімдеді. Бұл ретте ресми өкіл Украина тарапының жаңа раундқа дайындығын туралы ештеңе айтпағанын жеткізген.

Қазір оқып жатыр

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?

Аймағамбетов дәрігерлерді даярлауды 7 жылға дейін ұзартуды ұсынды