Украина мен АҚШ пайдалы қазбалар жөніндегі келісімге қол қойды

Енді құжатты Украинаның парламенті ратификациялауы тиіс.

Юлия Свириденко

Алматы, NEGE. АҚШ Қаржы министрлігі Киев пен Вашингтон пайдалы қазбаларды бірлесіп өндіру және Украинаны қалпына келтіруге арналған инвестициялық қор құру туралы келісімге қол қойғанын мәлім етті.

Шетелдік ақпарат құралының жазуынша, тиісті министрліктің ресми сайтында осы мәселеге қатысты баспасөз хабарламасы жарияланды.

«Бұл экономикалық ынтымақтастық екі елге ортақ ресурстарды, мүмкіндіктерді пайдалана отырып, Украинаның экономикалық тұрғыдан қалпына келуін жеделдетуге үлес қосады», – деп хабарлады АҚШ Қаржы министрлігі.

АҚШ Қаржы министрі Скотт Бессенттің сөзінше, Вашингтон бұл сұрапыл соғысты тоқтатуға көмектесуге ниетті.

«Бұл келісім Ресейге АҚШ-тың бейбіт процесті қолдайтынын айқын көрсетеді. Бейбіт келісімнің ортасында еркін, егемен және өркендеген Украина тұр», – деді Скотт Бессент.

Украина экономика министрі Юлия Свириденко да құжатқа қол қойылғанын растап отыр.

«АҚШ Қаржы министрі Скотт Бессентпен бірге қалпына келтіру инвестициялық қорын құру туралы келісімге қол қойдық. Келісімді мазмұнды ету жолында еңбек еткендердің бәріне алғыс. Бұл құжат екі елге де нақты пайда әкелетіндей мазмұнға ие», – деп жазды ол Facebook парақшасында.

Енді бұл келісімді Украинаның Жоғарғы Радасы ратификациялауы қажет.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?