Украина қарулы күштері бір түнде 40-тан астам ракета мен дронды жойды

Ресей әскері 26 мамырға қараған түні Украинаға ракетамен соққы жасады. Бұған қоса, Украинаға аумағына дрондар да жіберілген, деп жазды azattyq.org.

azattyq.org

Алматы, NEGE. Украина әуе күштерінің қолбасшысы Николай Олещук украин күштері 12 қанатты ракета мен 31 "Шахед" дронын атып түсірді деп мәлімдеді. Тек дыбыссыз екі "Кинжал" ракетасын жоя алмаған. Қандай нысандар қирағанын Украина билігі хабарламады.

Ресейдің қорғаныс министрлігі соққыға түсініктеме берген жоқ.

Жексенбіге қараған түні әуе шабуылынан зардап шеккен аумақтар арасында Винницк облысы да бар. Ақпаратқа қарағанда, Жмеринка қаласында дрондар көпқабатты тұрғын үйге құлап, үш адам жарақаттанған.

Ресейдің қорғаныс министрлігі өз кезегінде жексенбіге қараған түні Курск және Орлов облыстарында 13 дрон атып түсірілгенін хабарлады. Әзірге шығын туралы мәлімет айтылған жоқ.

Қазір оқып жатыр

Дауыс бер, өз ағашыңды отырғыз

Маңғыстау облысында референдум күні көпбалалы отбасында Атазаң есімді ұл дүниеге келді

Халықтың 51,93 пайызы дауыс берді: Референдум өткізілді деп саналады

«Таңдауым ешқашан өзгермейді»: Назарбаев Тоқаев жайлы пікір білдірді