«Украина достық қарым-қатынасты жоғары бағалайды»: Зеленский Тоқаевқа алғысын білдірді

Украина Президенті Владимир Зеленский ел тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай құттықтау жеделхатын жолдағаны үшін Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғысын білдірді.

Ақорда

Астана, NEGE. Зеленский Тоқаевқа арналған жазбасын X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады.

«Құрметті Президент Тоқаев, жылы лебізіңізге алғыс айтамын. Украина Қазақстанмен өзара құрмет пен түсіністікке және халықтарымыз арасындағы ежелден келе жатқан байланыстарға негізделген достық қарым-қатынасты жоғары бағалайды.

Біз ынтымақтастығымызды одан әрі нығайтуға ниеттіміз. Сізге жан-жақты табыс, ал достас Қазақстан халқына бейбітшілік, бақ-береке және өркендеу тілеймін», – деп жазды ол.

Еске салсақ, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Зеленскийге Украина тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтап жеделхат жолдаған еді. Онда Президент украин халқына бейбітшілік пен құт-береке тілеген болатын.