Украина әскері Ресейдің санаулы әскери ұшағы жойылғанын хабарлады

Украина қорғаныс министрлігінің бас барлау басқармасы (БББ) Ресейдің ең жаңа әскери СУ-57 ұшағы жойылғанын мәлімдеді.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. БББ мәліметтері бойынша, 8 маусым сенбіде, Астрахан облысындағы Ахтубинск әуеайлағының аумағында ұшақ майдан шебінен 589 шақырым жерде жойылған.

Басқарма 7 және 8 маусымда "Ахтубинск" әуеайлағында ұшақ тұрағының спутниктік суреттерін жариялады.

Су-57 – Х-59 және X-69 зымырандарын зымырандарын қолдануға қабілетті, заманға сай жойғыш ұшақ.

Ал Ресей әскери күштері Су-57-нің зақымданғаны туралы хабар таратқан жоқ.

Қазір оқып жатыр

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр