Үкіметте бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу мәселесі қаралды

Премьер-министр Олжас Бектенов министрлер мен әкімдерге бөлінген қаражаттың толық әрі уақтылы игерілуін қамтамасыз етуді тапсырды.

Үкімет

Алматы, NEGE. Қаржы министрлігі бюджеттің кіріс бөлігінің атқарылуына бақылауды күшейтуі қажет.

Бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселесін қатаң бақылауда ұстау Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғаринге тапсырылды. 

«Бұл жұмыста тұрақтандыру қорларын, форвардтық шарттарды, субсидиялау сияқты қолда бар тетіктерді белсенді пайдалану керек. Сонымен қатар импортқа тәуелді өнімдер өндірісін кеңейту қажет. Инфляция деңгейін бақылау және оны төмендету жөніндегі шаралар жоспарын орындау бойынша барлық қажетті шараларды қабылдау қажет. Біз экономика өсімінің оң қарқынын сақтап қалуға тиіспіз», – деп атап өтті Премьер-министр.

Қазір оқып жатыр

«Қыз Жібектің» камзолы Баян Алагөзовада қайдан жүр?

Тоқаев: Біріккен Ұлттар Ұйымына түбегейлі реформа жасау керек

Ақтөбеде 20 күн бұрын жоғалып кеткен баланың денесі өзеннен табылды

«Көліктер жүзіп барады»: Нөсер жаңбырдан Алматы көшелерін су басты