Үкімет отставкаға кетті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметті отставкаға жіберді. Отставка туралы Жарлыққа Президент бүгін қол қойды.

ғаламтордан

Астана, NEGE. Үкімет құрамы жасақталғанша ҚР Премьер-министрі міндетін атқару Роман Склярға жүктелді.

Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы

2024 жылғы 05 ақпан

Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің орнынан түсуі қабылдансын.

2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі міндеттерін уақытша атқару Роман Васильевич Склярға жүктелсін.

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастыра берсін.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Президенті Қ.Тоқаев

Астана, Ақорда, 2024 жылғы 5 ақпан

№ 446

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр