29 апреля 2025 г. 10:46

Үкімет отырысында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының іске асырылу барысы қаралды

Фото: Үкімет

Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының іске асырылу барысы қаралды.   

Алматы, NEGE. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ұлттық жобада көзделген 655 нысанның ішінен бүгінде 467 медициналық мекеменің құрылысы аяқталғанын, 2025 жылы тағы 188 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысанында жұмыстарды аяқтау жоспарланғанын баяндады.

Премьер-министр Мемлекет басшысының бастамасы бойынша жүзеге асырылып жатқан Ұлттық жоба ауылдық елді мекендерде медициналық көмек көрсету сапасын жақсартуда шешуші маңызға ие екенін және 650-ден астам ауылдық жерде заманауи денсаулық сақтау нысандарын ашуды көздейтінін атап өтті.

«Жоба, біріншіден, ауылдық жердегі медициналық көмекті қолжетімді ету үшін бірқатар кешенді мәселені шешуге ықпал етеді. Яғни, азаматтар өздерінің тұрғылықты жерінде шұғыл көмекке қол жеткізе алады.

Екіншіден, заманауи құрал-жабдықтар есебінен медициналық қызметтердің сапасы жақсарады. Ұлттық жобаның негізгі мақсаты да – осы», – деді Олжас Бектенов.

Отырыста министрлер мен құрылыс қарқынында тәуекелдер бар бірқатар өңір әкімдері тыңдалды. Тиісті тапсырмалар берілді.