Үкімет басшысы: Су тасқынынан зардап шеккендердің барлық шығыны өтеледі

ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен жедел кеңестің қорытындысына қатысты пікір білдірді.

мәжіліс

Алматы, NEGE. «Мемлекет басшысы су тасқынына байланысты жағдай бойынша жедел кеңес өткізді. Үкіметте Премьер-Министр басқаратын республикалық штаб құрылды. Барлық сұрақтар тәулік бойы бақылауда болады. Кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Су тасқынынан зардап шеккен азаматтар қараусыз қалмайды. Барлық шығын өтеледі», — деді Олжас Бектенов.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірқатар өңірінде болған су тасқыны салдарынан туындаған төтенше жағдайға байланысты шұғыл кеңес өткізіп, бірқатар шенеунікке қатаң сөгіс жариялады.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты