Үкімет анонимді Telegram арналардың артында кім тұрғанын анықтауға ниетті

Мәдениет және ақпарат министрлігі «Бес мыңнан астам аудиториясы бар онлайн платформалардың жасырын пайдаланушыларының тізілімін жүргізу қағидалары» туралы бұйрық жобасын жариялады. 

Pixabay.com

Астанада, NEGE. Құжатта бес мыңнан көп оқырманы немесе жазылушысы бар онлайн платформалардың анонимді пайдаланушыларын тіркеу тәртібін бекіту көзделген. Тізілімді уәкілетті орган қазақ және орыс тілдерінде электрондық форматта жүргізеді.

Министрлік бұл қағидалардың мақсатын онлайн платформалардағы цифрлық қауіпсіздікті күшейту, онлайн қатынас ашықтығын арттыру және жасырын пайдаланушыларды анықтау деп түсіндірді.

Жобаға сәйкес күтілетін нәтижелер заңнамалық өзгерістер қабылданғаннан кейін 1-3 жыл ішінде жүзеге асады. 

Қазір оқып жатыр

Ұлыбритания Қазақстан мұнайын «Транснефть» арқылы тасымалдауға рұқсат берді

Президент қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

Президент: Қазақстан Еуразиядағы жетекші ғылыми-технологиялық орталыққа айналуы керек

Небәрі 29 жоба және 11 қылмыстық іс: Тоқаев Ғылым қорын сынға алды