ҰҚК төрағасының орынбасарлары тағайындалды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасарлары тағайындалды.

Алматы, NEGE. Руслан Темірғалиұлы Сейсембаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Терроризмге қарсы қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды.

Асхат Қалмағамбетұлы Төлеуов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Экономикалық қауіпсіздік қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды.