ҰҚК: Лаңкестер Қожа Ахмет Ясауи кесенесін жарып жібермек болған

Лаңкестер Қожа Ахмет Ясауи кесенесін жарып жібермек болған. Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Руслан Сейсембаев айтты.

Алматы, NEGE. Биыл Түркістанда Қожа Ахмет Яссауи кесенесін жарып жіберуге ұмтылғандар мен Астанада халық көп жиналған жерде қарумен шабуыл жасамақ болғандар ұсталды.

«Қазақстанда террористік қауіп әлі сақталып отыр. Жыл сайын кем дегенде 2 террористік шабуылдың алдын аламыз. Мысалы, биыл дайындықтың ерте кезеңінде Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесін қолдан жасалған жарылғыш құрылғымен жарудың жолы кесілді. Астанада адамдар жаппай жиналған жерлерде қарулы шабуыл жасау әрекеттері тоқтатылды», - деді Сейсембаев. 

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр