ҰҚК Күдебаевтың шекараны кесіп өтпегенін мәлімдеді

ҰҚК Шекара қызметі Алматы және Жетісу облыстарының полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаев ресми түрде шекараны кесіп өтпегенін мәлімдеді.

Алматы, NEGE. «Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі азамат Серік Мырзақұлұлы Күдебаевтің (01.01.1965ж.т.) ресми жұмыс істеп тұрған өткізу пунктері арқылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан өтпегенін хабарлайды.

Бүгінгі күні шектес мемлекеттердің шекара өкілдері аппаратымен бірлесе отырып, тексеру тағайындалды.

Тексеру нәтижесі қосымша хабарланатын болады», - делінген хабарламада.