22 августа 2023 г. 18:04
ҰҚК Қырғызстанмен шекарадағы көлік кептелісіне қатысты пікір білдірді
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан мен Қырғызстан мемлекеттік шекарасындағы жағдайды түсіндірді.
Алматы, NEGE. "ҚР ҰҚК Шекара қызметі шекаралық аймақта, сонымен қатар шекаралық өткізу пункттерінде құқыққа қайшы іс-әрекетке қарсы іс-қимыл бойынша шаралар кешенін іске асырып жатыр.
Сонымен бірге, қандай да бір шектеулер енгізілмеді, өткізу пункттері, оның ішінде қазақ-қырғыз шекара учаскесі штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Тексеру уақытының регламенттік нормативтері қатаң сақталуда және автокөлік құралдарын өткізу деңгейі қалыпты", - делінген хабарламада.