ҰҚК Қазақстанның үш өңірінде арнайы операция жүргізді

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті прокуратура және полиция органдарымен бірлесіп Целиноград ауданындағы ірі есірткі зертханасын анықтады.

Алматы, NEGE. Ведомствоның 2023 жылғы 23 қазанда таратқан ақпаратына сәйкес, психотропты заттарды дайындады және сатты деген күдікпен Астана және Ақтөбе қалаларында үш азамат ұсталды.

Тінту кезінде 40 кг синтетикалық есірткі, 7 тонна прекурсорлар және зертханалық жабдықтар анықталып тәркіленді.

"Материалдар Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.Соттың санкциясымен ұсталғандарға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды", - деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады