ҰҚК қару-жарақ пен жарылғыш заттар цехын анықтады
Көкшетауда Ақмола облысы бойынша ҰҚК департаментінің қызметкерлері атыс қаруы мен қолдан жасалған жарылғыш құрылғыларды заңсыз дайындау және өткізуге қатысы бар қылмыстық топты құрықтады, - деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.
Көкшетау, NEGE. "Топтың үш мүшесі қару-жарақ пен жарылғыш құрылғылардың кезекті партиясын сатуға әрекет жасаған кезде ұсталды. Астыртын цех ұсталғандардың бірінің жекеменшік үйінде болған", - деді ҰҚК өкілдері.
Нәтижесінде заңсыз айналымнан жеті жауынгерлік тапанша, 96 қолдан жасалған жарылғыш құрылғы, 80 оқдәрі, сондай-ақ қару-жарақты модификациялауға және дайындауға арналған құрал-саймандар тәркіленген.
Ж "Мамыр айында Қазанда (Ресей) болған қайғылы оқиға атыс қаруы ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін екенін көрсетті.
Осыған байланысты қарудың заңсыз айналымы арнайы іс-қимыл және құқық қорғау органдарының басым міндеттерінің бірі", - деді ҰҚК өкілі.