ҰҚК екі қылмыстық топтың жолын кесті

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласы мен Алматы облысында ҚР ІІМ-мен бірлесіп жүргізген арнайы операция нәтижесінде бір-біріне қарсы екі ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті, деп хабарлайды аталған ведомствоның баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. Қылмыстық топ мүшелерінің бірқатар ауыр және аса ауыр қылмыстарға қатысы бар. Қылмыстық әрекеттер атыс қаруын қолдана отырып, аса өктемдікпен жасалған. Екі ҰҚТ-ның белсенді мүшелерінің жалпы саны 30 адамға жеткен. Олардың арасында бұрын сотталған адамдар бар, кейбіреулері «ұрылар» идеологиясын ұстанып, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтардың жетекшілерімен байланыста болған. Фигуранттардың тұрғылықты жерлері бойынша тінту барысында 11 бірлік әртүрлі қару түрлері, 200-ден артық оқ-дәрілер алынды. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторларына қамалды, бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе шешілуде.

Қазір оқып жатыр

Иран тағы бір елге Ормуз бұғазы арқылы өтуге рұқсат берді

Атырау облысында бір топ жігіт полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған

Түркістанда бірнеше күн бұрын суға батып кеткен 2 жасар қыздың денесі табылды

«Өрттен 18 адам қаза тапты»: Абай облысында жалған ақпарат таратқан тұрғын жауапқа тартылды