ҰҚК бұрынғы майоры Айдын Алпысбаев бостандыққа шықты
Бүгін мамандандырылған ауданаралық әскери қылмыстық сотта ҰҚК майоры Айдын Алпысбаевтың және тағы екі сотталушы - Мұрат Хасенов пен Сергей Логвиненконың ісі бойынша алқабилердің үкімі жарияланды.
Нұр-Сұлтан, NEGE. Үшеуі де 2014 жылы кісі өлтірді деген күдікпен қамалған болатын
Айдын Алпысбаев тура nege.kz бірнеше мәрте ақпарат жариялаған болатын.
Судьялардың шешімімен алқабилердің бірінші және екінші құрамы таратылды. Бүгін алқабилердің үшінші құрамы қылмыс оқиғасының болмауына байланысты оларды кінәсіз деп таныды.
Алпысбаев, Хасенов және Логвиненко колонияларда 8 жыл заңсыз отырды. Айдынның қарындасы Айкөркем әділетсіз Қазақстанда өмір сүруден шаршағанын жазып, өз-өзіне қол жұмсады. Майордың балалары әкесіз өсті. Отбасының беделі тапталды. Алайда сол олқылықтардың орны толып, әділеттілік салтанат құрды.