ҰҚК браконьерлермен күреспек

Каспий теңізі су айлағында браконьерлік әрекеттің жолын кесуге және биологиялық әртүрлілікті сақтауға бағытталған ұйымдық және практикалық іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр. Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

Астана, NEGE. Бұл шара Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі, ІІМ және ЭГТРМ аумақтық бөлімшелерімен, сондай-ақ РФ ФҚҚ ШҚ-мен бірлесе отырып атқарылу үстінде.

«Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі көрсетілген іс-шараларды өткізу кезеңінде Каспий теңізінің қазақстандық секторында белгіленген режимдердің сақталуын бақылау күшейтілетінін хабарлайды», – дейді ҰҚК баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, мемлекеттің табиғи байлықтарын тонаумен байланысты заңсыз әрекеттерді анықтау бойынша бірқатар бірлескен рейдтер өткізу жоспарланған.