ҰҚК бірқатар өңірде көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлерін ұстады

2023 жылғы 21 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитеті Бас прокуратурамен бірге Астана, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Ақтөбе, Қарағанды және Қызылорда облыстарында жедел-тергеу шараларының шеңберінде Көлік министрлігі Көліктік бақылау инспекциясының бірқатар қызметкерін ұстады, деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. Олар салмақ және габарит параметрлерін бұзған автокөліктерді кедергісіз өткізу үшін кәсіпкерлерден ақша бопсалады деген күдікке ілінді. 

Қылмыстық кодекстің 366-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жариялануға жатпайды.

Қазір оқып жатыр

Астаналықтар аурухана жанындағы құрылысқа қарсы петиция жариялады

Тоқаев пен Ердоған Мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

Алматының Наурызбай ауданында ауаның ластануы мөлшерден бірнеше есе асып кеткен

Атырау облысының әкімдігі Индер көлін ерекше қорғалатын аумақтар тізімінен қалай шығартты