ҰҚК: Бақауов қызмет бабын асыра пайдаланған
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың ісіне қатысты түсініктеме берді. Мұны ҰҚК өзінің ресми сайтында хабарлады.
Алматы, NEGE. «15 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҚР Қылмыстық кодексінің 362-бабының 4-бөлігі, 3-пунктімен (қызмет бабын асыра пайдалану) Павлодар облысының әкімі Б.Бақауовқа қатысты қозғалған іс бойынша жедел-тергеу шарасын жүргізді. Қазіргі уақытта тергеу жалғасуда. Тергеу мүддесіне сәйкес, істің егжей-тегжейі жария етілмейді» делінген хабарламада.
Болат Бақауов 2016 жылы Павлодар облысының әкімі болып тағайындалып, өткен жылдың шілдесінде ғана өкілеттігі ұзартылған-ды.