ҰҚК арнайы операция өткізді

Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткі тасымалына қатысы бар деструктивті діни ағымның өкілдерін ұстады, деп хабарлайды   комитеттің баспасөз қызметі.

Атырау, NEGE. Ресми мәліметке сәйкес, 13 қаңтарда ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау және Ақтөбе облыстық депаратменті бірлескен арнайы іздестіру шарасын өткізді. Нәтижесінде, өсімдік тектес есірткі заттарының тасымалын ұйымдастырған бір топ адам ұсталды.
"Құқық қорғаушылар Қылмыстық кодекстің 297-бабы, 3-бөлігінің 3 тармағы (есірткі, психотроптық немесе сол тектес заттарды өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу шараларын бастады. Ал Атырау сотының шешімімен күдіктілер қамауға алынды", – делінген ресми хабарламада.

Комитет мамандары ұсталған адамдардың деструктивті діни ағым өкілдері екенін де атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды