ҰҚК жарылғыш заттарды, гранаталар, Калашников автоматтары және тапаншаларды тәркіледі

Ұлттық қауіпсіздік комитеті қарудың, жарылғыш заттардың және оқ-дәрілердің заңсыз айналымымен күресу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

ҰҚК

Алматы, NEGE. 2025 жылдың шілде айында прокуратураның үйлестіруімен, ҰҚК ІІМ-мен бірлесіп, Алматы қаласында, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Павлодар, Атырау, Маңғыстау және Ұлытау облыстарында бірқатар жедел іс-шаралар өткізілді.

45 атыс қаруы, оның ішінде 6 Калашников автоматтары, түрлі модификациядағы 18 тапанша, 14 аңшылық мылтық, 7 шолақ мылтық, сондай-ақ 6 граната, 2 тротил шашкасы және 400-ден астам оқ-дәрі тәркіленді.

Сонымен қатар, Ақмола облысының өңірдегі кәсіпорындардың бірінде өнеркәсіптік жарылғыш заттарды ұрлау арнасы жойылды. 20 кг жарылғыш зат тәркіленген.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?