ҰҚК Жамбыл облысындағы шенеуніктің тергеуге алынғанын растады

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Еркін Келесовтің тергеуге алынғанын растады.

gov.kz

Астана, NEGE. Өткен аптада бірнеше қазақстандық БАҚ өз дереккөздеріне сүйене отырып, Еркін Келесовтің қызметтік кабинетінде ұсталғанын жазған болатын. ORDA мәліметінше, Келесов шамамен төрт миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген болуы мүмкін. 

Nege.kz редакциясы шенеуніктің шынымен ұсталған-ұсталмағанын және істің мән-жайын нақтылау үшін ҰҚК-ға ресми сауал жолдады.

«Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», – деп ведомство қысқа жауап берді.

Келесов бұл қызметке 2023 жылдың желтоқсан айында тағайындалған.

Қазір оқып жатыр

Мемлекеттік күзет қызметі астаналықтарға маңызды хабарландыру жасады

Ақын Мұхтар Шаханов Алматыдағы Кеңсай зиратына жерленеді

Әкім Алматыдағы «брусчатка дауының» мән-жайын түсіндірді

Депутаттар өз еңбегін қалай бағалайды?