ҰҚК шекарашылары 510 млн теңгенің өнімін заңсыз өткізбек болғандарды тоқтатты

Қазақстан шекарасында 593 мың қорап темекі мен 13 960 дана вейпті заңсыз алып өту әрекеті анықталды. Тәркіленген өнімдердің алдын ала құны 510 млн теңгеден асады.

ҰҚК

Астана, NEGE. ҰҚК шекара қызметінің мәліметінше, 2026 жылғы қарашада Ақтөбе облысындағы «Әлімбет» автомобиль өткізу пунктінде шекарашылар 593 мың қорап темекінің заңсыз тасымалдануына тосқауыл қойған.

Бұдан бөлек, Жамбыл облысындағы шекара учаскесінде 13 960 дана электронды темекі (вейп) анықталған.

Алдын ала бағалау бойынша, тәркіленген тауарлардың жалпы құны 510 млн теңгеден асады.

Бұл фактілер бойынша материалдар процестік шешім қабылдау үшін құзыретті органдарға жолданды.