ҰҚК «шабуыл жасап, кісі өлтіруге шақырған» алты адамды ұстады

Ұлттық қауіпсіздік комитеті қараша айында Алматы, Ақтөбе, Қонаев және Шымкент қалаларында деструктивті діни ағымдардың 6 жақтаушысын ұстағанын мәлімдеді.

ҰҚК баспасөз қызметі

Астана, NEGE. Тергеудің болжамы бойынша, күдіктілер діни негізде шабуыл жасап, кісі өлтіруге шақырған. Сонымен қатар зайырлы тәртіпке қарсы шыққан.

«Тінту барысында олардан атыс және суық қару, сондай-ақ көптеген діни әдебиеттер тәркіленді. Сот санкциясымен аталған тұлғалар қамауға алынды», – деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.

Бұдан бөлек, 3 қарашада терроризмге шақыру материалдарын таратқан Ақтөбе облысының тұрғыны 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді.

Жыл басынан бері террористік және экстремистік әрекеттері үшін 83 адам ұсталып, 97 адам сотталған.

Қазір оқып жатыр

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды

Қазақстан халқының бірлігі күні Алматы облысында қалай тойланады?

Германияда Temu мен Shein кесірінен мыңдаған адам жұмысынан айырылып жатыр

Сенат бұралқы иттерді өлтіруге қатысты заң жобасын Мәжіліске қайтарды