ҰҚК Қазақстандағы қылмыстық схеманы анықтады

Ақтөбеде 120-дан астам шетелдік азаматты заңсыз тіркеуге көмектескен ер адамға сот үкімі шықты, деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінен.

ашық дереккөз

Алматы, NEGE. ҰҚК мәліметінше, Ақтөбе облысында заңсыз көші-қон арнасы әшкереленген. Жергілікті тұрғын ұйымдастырған схема бойынша шетел азаматтары Қазақстанда заңсыз түрде тіркеліп, жалған жұмысқа орналасу және мекенжайға тіркелу арқылы елде қалуға мүмкіндік алған.

2025 жылғы 20 наурызда Ақтөбе қалалық сотының шешімімен заңсыз көші-қонды ұйымдастырған азамат ҚР Қылмыстық кодексінің 394-бабының 1-бөлігі (заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) бойынша кінәлі деп танылып, бір жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді, – делінген ресми хабарламада.

ҰҚК заңсыз рәсімделген барлық құжаттардың күші жойылғанын атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр