ҰҚК екі қазақ туралы ақпаратты тексеріп жатыр

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ресейдегі лаңкестікке қарсы операция кезінде қос Қазақстан азаматының көзі жойылғаны туралы ақпаратты тексеріп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

gov.kz

Алматы, NEGE. Ресейлік ведомство мәліметі бойынша, олар Ресей Федерациясының аумағында теракт жасауды ұйымдастыру кезінде өлтірілген.

"БАҚ-та Ресей Федерациясында Қазақстанның екі азаматының террорлық акті жасауды ұйымдастыруға әрекетену кезінде Ресейдің күштік құрылымдарымен көзі жойылғаны туралы ақпарат жарияланды. Бұл адамдардың Қазақстан азаматтары екендігі, олардың Ресейде болғаны расталады. Аталған факті бойынша ҰҚК сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізуде. Тексеру шаралары РФ Федеральды қауіпсіздік комитетінің ынтымақтастық арнасы аясында тығыз байланыста жүзеге асырылуда", – деді ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етуге жатпайтыны да нақтыланады.

Қазір оқып жатыр

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты

Sulpak негізін қалаушының қызы компаниядағы үлесіне қатысты даулы мәселе көтерді

Еңбек министрлігі: Зейнетақы жинақтары кез келген уақытта алып жұмсайтын депозит емес

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды