ҰҚК Астанада жоғары лауазымды полиция қызметкеріне қатысты тергеу жүргізіп жатыр

Желіде Астана қаласы полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқаратын Әлия Мақаеваның ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын.

t.me/kozachkow

Астана, NEGE. Журналист Михаил Козачковтың ақпаратынша, полиция полковнигі заңсыз көші-қонды ұйымдастырды деген күдікке ілінген. Оның жазуынша, әңгіме құрамына түрлі мемлекеттік органдар өкілдері кірген ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі турасында болып отыр.

«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», – деп мәлімдеді ҰҚК-нің баспасөз қызметі.

Алайда комитет өкілдері қылмыстық іс нақты қай бап бойынша тергеліп жатқанын ашып айтпады.