ҰҚК Абай аудандық соты төрағасына қатысты іс қозғалғанын растады

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Абай аудандық сотының төрағасы Мұрат Бүкбаевқа қатысты іс қозғалғанын мәлімдеді.

Pixabay.com

Астана, NEGE. Абай облыстық мәслихатының бұрынғы депутаты Серік Байғалиевтің айтуынша, ҰҚК департаментінің қызметкерлері Абай аудандық сотының төрағасы Мұрат Бүкбаевқа қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Тергеу аясында оның жұмыс орнында да, тұрғылықты жерінде де тінту жұмыстары жүргізілді.

«Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді», – деп ҰҚК Nege.kz порталының ресми сұрауына қысқаша жауап берді.

Тергеу нақты қай бап бойынша жүргізіліп жатқаны және оған не себеп болғаны әзірге белгісіз. Серік Байғалиевтің мәліметінше, судья сот үкімін бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазаға өзгерту үшін ірі көлемде ақша бопсалады деген күдікке ілінген.

Nege.kz дереккөзі аталған іс аясында адвокат арқылы 10 млн теңге көлемінде пара алу жағдайы тексеріліп жатқанын хабарлайды. 

Қазір оқып жатыр

Ресей мен Әзірбайжан AZAL ұшағының апатына байланысты келісімге келді

Таразда оқушылар арасында жаппай төбелес болып, бір баланың көзіне зақым келді

Дубайдағы әйгілі қонақүй 1,5 жылға жабылады

Қазақстанда көлік жүргізушілері жаппай тексеріліп жатыр