Үкімет отставкаға кетті

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметті отставкаға жіберу туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Президенттің ресми сайты хабарлады.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабына сәйкес қаулыда былай делінген:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің орнынан түсуі қабылдансын.

2. Қазақстан Республикасы премьер-министрі міндеттерін уақытша атқару Әлихан Асханұлы Смайыловқа жүктелсін.

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастыра берсін.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі».

Мұның алдында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жасап, халықты сабырға шақырған болатын.

Қазір оқып жатыр

Ұрып-соғып, үтікпен күйдірген: Шымкентте балаларына қорлық көрсеткен ана сотқа тартылды

Қытайда екі экс-қорғаныс министрі өлім жазасына кесілді

Үкімет курьерлер мен таксишілерге төленетін әлеуметтік төлемдер мәселесін шешу жолын іздестіруде

8 мамырда Қызылорда облысының жаңа әкімі тағайындалады