11 мая 2020 г. 13:46
Үкімет брифингін тікелей көруге болады
Дүйсенбі күні, 11 мамырда, сағат 16:00-де ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында «Жұмыспен қамтуды және әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қолдауға бағытталған дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру» тақырыбында брифинг өтеді.
Алматы, NEGE.Спикерлер:
- ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов;
- ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов;
- ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов;
- ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев.
Брифингтің тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, Mail.KZ порталынан, YouTube ресми арнасынан, Facebook, Twitter, «ВКонтакте» әлеуметтік желілерінен және Хабар 24 телеарнасынан көре аласыздар.