Үкімет басшысы фермерлерге кеңес берді

Қазақстандық фермерлерге өнім көп беретін және экспортқа шығарылатын дақылдарды егуге айрықша көңіл бөлу керек. ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Үкімет отырысында осылай деді.

Алматы, NEGE. «Техникаларды жаңарту үшін инвестициялық, сондай-ақ кредиттер мен лизингтердің пайыздық ставкасын субсидиялау көлемі ұлғаяды. Фермерлер алдымен сұранысы жоғары дәнді-дақылдардың егістік алқаптарын ұлғайтуы тиіс. Бұл ретте, өнімді көп беретін және экспортқа шығатын дақылдарды егуге айрықша көңіл бөлу керек. Оған қол жеткізу үшін агротехнологиялық талаптарды қатаң сақтаудың, тыңайтқыштарды уақытында қолданудың маңызы өте зор», - деді Үкімет басшысы.

Сондай-ақ, ол Ауыл шаруашылығы министрлігі мен әкімдер көктемгі егіс науқанын ерекше бақылау үшін бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда қанша ер-азамат тұрады?

Тоқаев қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды