«Уимблдон» – Жасөспірімдер арасындағы жұптық сында қазақстандықтар ширек финалға шықты

Қазақстандықтар Асылжан Арыстанбекова мен Соня Жиенбаева жұптық сында жасөспірімдер арасында "Уимблдон" турнирінің ширек финалына жолдама алды.

Olympic.kz

Алматы, NEGE. Қазақстандық жұп екінші айналымда словакиялық Рената Ямрихова мен жапониялық Эни Койкеге қарсы шықты.

Бірінші партияда Арыстанбекова/Жиенбаева жұбы 6:2 есебімен басымдық танытса, екінші сетте қарсыластар қарымта қайтарды. Ал супер тай-брейкте Асылжан мен Соня жеңісті жұлып алды – 10:6.

Асылжан Арыстанбекова мен Соня Жиенбаева жартылай финалға шығу үшін Джули Пастикова (Чехия)/Юлия Штузек (Германия) жұбымен кездеседі.

Қазір оқып жатыр

Үкімет курьерлер мен таксишілерге төленетін әлеуметтік төлемдер мәселесін шешу жолын іздестіруде

8 мамырда Қызылорда облысының жаңа әкімі тағайындалады

Жаңа құрылған «Әділет» партиясын Айбек Дәдебай басқарады

Қазақстанда қанша ер-азамат тұрады?