Уилл Смит киноакадемия құрамынан шықты

Актёр Уилл Смит АҚШ-тың Киноматография өнері мен ғылым академиясынан кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Бұған Смиттің Оскар сыйлығын тапсыру рәсімінде сахнада жүргізуші, комик Крис Роктың бетінен шапалақпен тартып жібергені себеп болған. Ол Смиттің жұбайының шашы жоқтығын әзілге айналдырған еді.

Актер бұл қалжыңды көтере алмаған. Ал оның жары шаш түсіп қалатын дертіне шалдыққан.

Бірақ кейін Смит «Бұл ісім ұят болды. Криске, оның отбасына және көптеген достарым мен жақындарыма, залдағы және үйдегі көрермендерге кесірім тиді. Академияның атына кір келтірдім», – деп кешірім сұрады.

Қазір оқып жатыр

Әлемде жанармай тапшылығына байланысты мыңдаған әуе рейсі тоқтатылып жатыр

Қазақстанда такси қызметіне қойылатын талап күшейтілді

Нұрлыбек Нәлібаев Роман Склярдың орнына премьер-министрдің бірінші орынбасары болды

8 мамырда қос Палатаның бірлескен отырысы өтеді