Үйлену тойларға рұқсат берілді

Грузияда үйлену тойларын өткізуге рұқсат берілді. Ковид кезінде некелесудің шарттары көбейген, деп хабарлайды Хабар-24.

Алматы, NEGE.  Бетперде кию мен термоскрининг – міндетті рәсім. Залдағы қонақтар саны 10-нан аспауы тиіс. Десе де тойшыл қауым осыған да шүкіршілік етеді.

Қазір Грузияда некені 2 жолмен тіркеуге болады. Бірі – Әділет үйінде, екіншісі – мемлекеттік тіркеушіні мейрамханаға шақыру. Бір қызығы, Грузияда некесін қидыратын шетелдіктер көп екен.

Бірақ бәрібір тойға 10-нан артық қонақ шақыра алмайсыз. Бұл талапты бұзған жеке тұлғаларға 600 доллар, ал заңды тұлғаларға кемінде 3 мың доллар айыппұл салынады.

Қазір оқып жатыр

Ұрып-соғып, үтікпен күйдірген: Шымкентте балаларына қорлық көрсеткен ана сотқа тартылды

Қытайда екі экс-қорғаныс министрі өлім жазасына кесілді

Үкімет курьерлер мен таксишілерге төленетін әлеуметтік төлемдер мәселесін шешу жолын іздестіруде

8 мамырда Қызылорда облысының жаңа әкімі тағайындалады