14 августа 2022 г. 12:04
Үйінде анаша өсіріпті
Орал қаласының тұрғыны үйінің ауласына жылыжай жасап, анаша өсірген.
Орал, NEGE. Бұл арнайы орында өсімдіктің жайқалып өсуіне бар жағдайды жасап қойыпты: арнайы тоқ тартып, жарық түсірген, жылу орнатқан.
Жылыжайдан полицейлер бірнеше түп анаша мен анашаның тұқымын тапқан. ҚР Қылмыстық кодексі бойынша күдікті екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.