Үйде емделетін науқастарға тегін дәрі таратады

21 шілдеден бастап Өзбекстан астанасында коронавирустан үйде емделетін науқастарға тегін дәрі тарата бастайды.

Алматы, NEGE. Бұл туралы Өзбекстан денсаулық сақтау министрлігі Үйлестіру кеңесінің төрағасы Хабибулла Акилов 20 шілдеде Ташкентте өткен брифингте мәлімдеді. Акиловтың айтуынша, 5000 қорап дәрі Ташкентте науқастарға таратуға дайындалған.

«Дәрілер ертеңнен бастап Ташкент тұрғындарына таратыла бастайды», - деп мәлімдеді денсаулық сақтау министрлігінің өкілі. Бұның алдында Өзбекстан үкіметі коронавирустан үйде емделіп жатқан науқастарға тегін дәрі берілетінін хабарлаған.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандағы шетелдік университеттер «Қазақстан тарихы» мен «Қазақ тілі» пәндерін оқытуға міндеттеледі

FlyArystan әуе билеттерін 20% жеңілдікпен сатып алуға болады

«Қазмырыш» кәсіпорнында болған төтенше жағдай салдарынан екі адам қаза тапты

Қаңтар оқиғасынан кейін 4 жыл өтсе де қару-жарақ әлі табылып жатыр