Уханнан келген студенттерді оқшаулайды

Еліміздің бас санитары Жандарбек Бекшиннің айтуынша, Қытаймен арада Қазақстанның 61 азаматын Ухань қаласынан алып кету туралы келісім жасалған.

Нұр-Сұлтан, NEGE. Эвакуация жасалатын 61 қазақстандықтың барлығы да студенттер. Күні бүгінге дейін олар вирус тараған қаладан шыға алмай отыр. Өйткені қалаға кіріп-шығу мүмкін емес.

Студенттерді елге арнайы бортпен әкелмек. Жандарында жергілікті дәрігерлер болады. Дәрігерлер арнайы киіммен жабдықталады. Ұшақ елге келген соң дизенфекция жасалып, студенттерді екі аптаға оқшаулайды. Қазір ұшақтың қашан жіберілетіні Қытай тарапымен келісіліп жатыр.

Бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласында Уханнан келген студенттерді оқшаулайтын арнайы стационар дайын тұрғаны хабарланды.

Қазір оқып жатыр

Таяу Шығыстағы соғыс: Тоқаев келіссөздерді Түркістанда өткізуді ұсынды

«Бірінші кредиттік бюро» басшылығына қатысты тергеу аяқталды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті

21 наурыз – «Ынтымақ күні»