Уханнан 8 қазақстандық келді

8 қазақстандық Уханнан Ресей мен Өзбекстанға эвакуацияланған, –  деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. «Қазақстандық тараптың өтініші бойынша бүгін түнде Қытайдың Ухан қаласынан Ресей мен Өзбекстанның арнайы борттарымен біздің тағы 8 азаматымыз қауіпсіз жерге көшірілді. Біздің бес азаматымыз Ташкент қаласында екі апталық дәрігерлердің бақылауында, ал қалған үшеуі Түмен қаласында қадағалауда болады», –  делінген хабарламада. 

Сондай-ақ, эвакуацияланғандар арасында осыған дейін ҚХР-ның эпидемиологиялық қызметтерімен дене қызуы салдарынан шығарылмаған Яньцзы Университетінің 1 курс студенті бар. Отырғызу алдында ҚР азаматтары қосымша медициналық тексеруден өтіп, олардың арасында дене қызуы немесе коронавирус симптомдары бар адамдар анықталған жоқ.

Қазақстан 3 ақпанда Ухан қаласынан өзінің 83 азаматын, соның ішінде 80 студентін эвауациялаған еді. 

Қазір оқып жатыр

Ақпарат министрі Аида Балаева Ботагөз Омарованың ісі жайлы не дейді?

Тоқаев Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

Қазақстан журналистері Президентке үндеу жасады

Таяу Шығыстағы соғыс: Тоқаев келіссөздерді Түркістанда өткізуді ұсынды