Уханьдағы бас дәрігер қайтыс болды

Уханьдағы «Учан» ауруханасының бас дәрігері Лю Чжимин коронавирус дертінен көз жұмды. Бұл туралы Қытайдың Орталық телеарнасы хабарлады.

Алматы, NEGE. Бұл ақпарат бұған дейін «Жэньминь Жибао» газетінде жарық көрген еді. Алайда, іле-шала теріске шығарған. Лю Чжимин – 51 жаста. Ол Қытайдағы медициналық мекеменің бірінші жетекшісі болды. «Учан» ауруханасы коронавируспен ауырған науқастарды алғаш қабылдаған еді.

Аурухана 966 адамға арналған. Соңғы мәліметтерге қарағанда, Қытайда коронавирус жұқтырғандардың саны 72,4 мың адамға жетсе, 1868 адам көз жұмды, 12 мыңы жазылды. Ал әлемде дертті жұқтырғандар саны 43,3 мың адам, ал 1874 адам қайтыс болды.  

Қазір оқып жатыр

«Газ баллонын ашып, әдейі өрт тұтатқан»: Шахтинскідегі жарылыстың мән-жайы айтылды

Ақмола облысында шахтада заңсыз алтын іздеуші қаза тапты

Трамп Иранның электр станцияларына соққы жасауды бес күнге кейінге қалдыруды тапсырды

Тоқаев Иранның БАӘ аумағын бомбалауына алаңдаушылық білдірді