Уханьда коронавирус қайта шықты

COVID-19 пандемиясының ошағы болған Қытайдың Ухань қаласында ауру белгілері жоқ 11 адамнан коронавирус табылды.

Алматы, NEGE. Коронавирусты жұқтырғандар Уханьның бірнеше аймағында вирусты тексеру кезінде анықталды. Осыған дейін бұл қаланың барлық тұрғыны індетке тест тапсыратыны хабарланған болатын.  Мәселен, 13 мамырдың өзінде Уханьда 67026 адам тестілеуден өтті. Ауру белгісі жоқ коронавирус тасымалдаушы 559 адам анықталды, олар медициналық бақылауда. 11 мамырда хабарланғандай, Уханьда COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны тағы өсуде.

Қазір оқып жатыр

Полиция отбасылық жанжалға байланысты Рахат Тұрлыхановтың үстінен іс қозғады

Brent мұнайының баррелі 103,91 долларға дейін өсті

Қазақстандықтардың 87,15 пайызы жаңа Конституцияны қолдап дауыс берді

Полицейлер «Қайрат» пен «Ақтөбе» жанкүйерлеріне ескерту жасады