Ухань қаласының басшысы халықтан кешірім сұрады
Қытайдың мемлекеттік CCTV телеарнасына сұхбат берген Ухань қаласының әкімі Чжоу Сянванг «Вирустың таралуына байланысты халықтан кешірім сұрап, қызметінен кетуге дайын екенін» мәлімдеді.
Алматы, NEGE. Студияға көк хирургиялық бетперде тағып келген әкім 11 миллионнан астам тұрғыны бар қаланы толығымен жауып тастау туралы шешімнің тым қатал екенін мойындады. Мұндай жағдай адамзат тарихында ешқашан болмағанын айтып, бұл шешім абыройсыз болса да вирустың таралуын тоқтату үшін осындай қадамға амалсыз барғандарын мәлімдеген. Қала әкімі сонымен бірге Ухань қаласының қашанға дейін жабық болатынын білмейтінін жеткізді.
«Біз бақылауда жатқан және үйінде карантинде отырған науқастарға тегін тамақ, медициналық көмек беріп жатырмыз. Дәрігерлерді аурухана маңындағы қонақүйлерге жатқыздық, олардың ақшасын қала өз қалтасынан төлейді», – дейді Чжоу