Ухань қаласынан көшірілетін 61 қазақ студенті карантинге жатқызылады

Қытайдың Ухань қаласында оқып жатқан Қазақстаннан барған 61 студент жақын уақытта елге оралады. Отанына келісімен олардың бәрін екі аптаға оқшаулайды.

Алматы, NEGEБұл туралы Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин 28-қаңтарда өткізген брифингінде мәлімдеді.

«Үкіметіміз ҚХР билігіне хабарласып, Ухань қаласындағы 61 студентті елге алып келу туралы ойын жеткізді. Арнайы ұшақта олар қорғаныш киім киген дәрігерлеріміздің бақылауында болады», - деді Бекшин.

Бекшиннің айтуынша, ұшақ қонған соң ол толық зарарсыздандырылады, ал студенттерді 14 күнге карантинге оқшаулайды. Қазіргі кезде қытай тарабымен ұшақтың қонуына рұқсат беру мәселесі шешіліп жатқан көрінеді.

 

Қазір оқып жатыр

Таяу Шығыстағы соғыс: Тоқаев келіссөздерді Түркістанда өткізуді ұсынды

«Бірінші кредиттік бюро» басшылығына қатысты тергеу аяқталды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті

21 наурыз – «Ынтымақ күні»